Оралда апатты жою кезінде екі жұмысшыны тоқ соқты

Екі ер адамды ауыр күйік шалып, бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. "ЗапКазРЭК" ЖШС-ның екі жұмысшысын кабель желісіндегі апатты жою кезінде тоқ соғып, жан сақтау бөліміне түсті. Кәсіпорын оқыс жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады "Мой город" сайты.
Оқиға 27 маусымда Мөңкеұлы көшесінде болды. "ЗапКазРЭК" ЖШС қызметкерлері апатты жою үшін оқиға орнына барды. Ақпаратты Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров растады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі ер адамды ауыр күйік шалып, бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді.
"33 жастағы ер адамның беті, қолы және аяғын, ал 43 жастағы ер адамның бетін, қолын, аяғын және денесін күйік шалды", - деп хабарлады ведомство.
"ЗапКазРЭК" ЖШС баспасөз қызметі Мөңкеұлы ауданында жарық сөндірілгенін, түнде төрт қосалқы станция электр энергиясынсыз қалғанын түсіндірді.
Кабель желісіндегі апат жойылған кезде жұмысшылар электр күйігін алды. Бір ер адам реанимациядан палатаға ауыстырылды, екіншісінің жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр халде.
Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды