НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен, біріншіден, қаржы министрлігінен жалақы аламын. Сосын маған вице-премьер ретінде ақы төлейді. Жалақым шамамен – 1,5 миллион теңге. Ал соның ішінде министр ретінде 1,3 миллион теңге аламын", - деді Жамаубаев үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министр өз декларациясын көрсетуге дайын екенін атап өтті.