https://sputnik.kz/20220628/qarzhy-ministrligi-zeynet-zhasy-25803122.html
Қаржы министрлігі зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ
Қаржы министрлігі зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қаржы министрлігі қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ведомство басшысы... 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T09:49+0500
2022-06-28T09:49+0500
2022-06-28T09:49+0500
зейнет жасы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қаржы министрлігі қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, еңбек министрлігінен зейнет жасын төмендетуге қатысты ешқандай ұсыныс түспеген.Министр жыл сайын зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 2,2 триллион теңге бөлінетінін атап өтті."Кез келген өзгеріс терең есептеулер мен жан-жақты талқылауды қажет етеді", - деді ол.Жамаубаев қазір еңбек министрлігі егде жастағы адамдарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырып жатқанын айтты."Еңбек министрлігінің көптеген жақсы бағдарламасы бар, соның ішінде "Күміс жасты" атап өтуге болады. Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді. Сол себепті әзірге қолданыстағы бағдарламалар бойынша жұмыс істейміз және қолданыстағы заңдармен өмір сүреміз", - деді Жамаубаев.Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету мәселесін қоғам белсенділері мен үкіметтің қаржы блогы қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнет жасы
Қаржы министрлігі зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қаржы министрлігі қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, еңбек министрлігінен зейнет жасын төмендетуге қатысты ешқандай ұсыныс түспеген.
"Бұл мәселе көтеріліп жүр, бірақ нақты талқыланып жатқан жоқ. Үкіметте талқыланған жоқ. Заң бар, біз соны орындаймыз", - деді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Министр жыл сайын зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 2,2 триллион теңге бөлінетінін атап өтті.
"Кез келген өзгеріс терең есептеулер мен жан-жақты талқылауды қажет етеді", - деді ол.
Жамаубаев қазір еңбек министрлігі егде жастағы адамдарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.
"Еңбек министрлігінің көптеген жақсы бағдарламасы бар, соның ішінде "Күміс жасты" атап өтуге болады. Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді. Сол себепті әзірге қолданыстағы бағдарламалар бойынша жұмыс істейміз және қолданыстағы заңдармен өмір сүреміз", - деді Жамаубаев.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету мәселесін қоғам белсенділері мен үкіметтің қаржы блогы қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.