Қырғызстанда экс-президент Атамбаевты тәртіпсіздік ісі бойынша ақтап шығарды

2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстанда толқулар басталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қырғызстанда Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары 2020 жылы қазандағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша ақталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Айыптаушы тарап Атамбаевқа жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ, қылмыс құрамының болмауына байланысты сот оның жақтастары Фарид Ниязовты, Құрсан Асановты, Жениш Молдокматовты, Қанат Сағынбаевты және Темірлан Сұлтанбековті ақтады.
2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстанда толқулар басталды. Себеп - парламент сайлауының қорытындысына наразылық. Оқиға нәтижесінде республикада билік өзгерді.
Әлем
Көліктен шығудан бас тартты: Атамбаевты күштеп сотқа апармақ болды - видео