Әлем

Көліктен шығудан бас тартты: Атамбаевты күштеп сотқа апармақ болды - видео

© Sputnik / Табылды КадырбековАлмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Жазылу
Атамбаев 2019 жылдан бері қамауда отыр, оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлеп сотқа жеткізді, деп мәлімдеді оның адвокаты Замир Жоошев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Атамбаевты Бішкектің Первомай аудандық сотына жеткізді, деп жазды Sputnik Қырғызстан.
"47-ші колонияның қызметкерлері мәжбүрлеп жейде және іш киіммен камерадан шығарып, конвойларға тапсырған. Олар қар жауып тұрғанда осылай істеуге құқылы ма? Ол үшін сот емес, өзінің өмірі мен денсаулығы маңызды. Сондықтан көліктен шығудан бас тартты. Атамбаевтың денсаулығы нашарлағанын дәрігерлер растады", - деді адвокаты.
Сөйлескеннен кейін Атамбаевты ИК-47-ге қайтарды. Кой-Таш оқиғаларына қатысты сот отырысы оның қатысуынсыз басталды. Адвокаты дәрігерлерге сілтеме жасай отырып, Атамбаев сотқа қатысуға кедергі болатын ауыр сырқатқа щалдыққанын айтты.
Атамбаев 2019 жылдан бері қамауда отыр, оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. 2020 жылы қазан оқиғалары кезінде саясаткер ҰҚК тергеу изоляторынан босатылды, бірақ бір аптадан кейін қайта ұсталды. Кейін қылмыстық істер қайта қарауға жіберілді.
Сот үкіміне сәйкес, саясаткер Азиз Батукаевты босату туралы іс бойынша 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Қазір денсаулығына байланысты Атамбаев №47 колонияда жазасын өтеп жатыр. Адвокаттары Атамбаев инфарктінің аз-ақ алдында тұрғанын алға тартты. Олар емделуі қажет деп мәлімдеді.
Машины скорой помощи стоят рядом с резиденцией экс-президента Кыргызстана Алмазбека Атамбаева в селе Кой-Таш - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2019
Әлем
Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы
Жаңалықтар
0