Маңғыстауда температура рекорды орнатылды

Жаз басталғалы бері 27 маусымда ең ыстық күн болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Маңғыстауда температура рекорды орнатылды. 27 маусымда өңірде ең жоғары ауа температурасы тіркелді.
Термометр бағанасы 44 градусқа дейін ыстықты көрсетті, деп хабарлайды lada.kz.
Синоптиктер Ақтауда нормадан тыс 44 градус ыстықты ғана емес, жоғары ылғалдылықты да тіркеп отыр.
Болжам бойынша, аптаның соңына қарай да күн ыстық болады: бірақ аптап ыстық басылып, термометр бағаны 30 градусқа дейін төмендеуі керек.
Қоғам
Алматы тұрғындарына алдағы күндері далаға көп шықпауға кеңес берілді
Ыстық ауа райында не істеу керек:
күнге күюден және қосымша жүктемелерден аулақ болу керек;
қан қысымы мен жүрек қағысын бақылау маңызды;
үнемі ауыз су алып жүру қажет;
сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін тікелей күн сәулесінен аулақ болып, көлеңкеде немесе желдетілетін бөлмеде уақыт өткізген дұрыс;
кондиционердің қауіпті екенін ұмытпау керек, әсіресе даладан суық бөлмеге кіргенде оның қаупі арта түседі.