Қоғам

Антикор кәсіпкерді бопсалаған қылмыстық топтың мүшесін ұстады

Ол кәсіпкерден 15 млн теңге талап еткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қылмыстық топтың мүшесі кәсіпкерден ақша бопсалаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ақша мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорданың квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде беру үшін қажет болған.
25 маусымда қылмыстық топтың мүшесі 15 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Тергеу сотының санкциясымен ол қамауға алынды.
"Ұсталған адамның тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – ТТ және Smith&Wesson маркалы тапаншалар мен олардың оқ-дәрісі, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар мен суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді", - делінген Антикор хабарламасында.
Күдіктінің кінәлі-кінәсіздігін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Өңірлер
Қарағандыда полициядан ақша бопсалаған тұрғындар сотталды