Өңірлер

Қарағандыда полициядан ақша бопсалаған тұрғындар сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
Сотта 28 жастағы блогер өз кінәсін мойындаған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында Қазыбек би аудандық соты полицейден ақша бопсалаған екі ер адамға қатысты үкім шығарды. Біреуі өзін блогер ретінде таныстырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, 28 жастағы ер адам танысымен бірге полицейлерді аңдып, видеоға түсірген. Былтыр қазан айында екеуі бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен патрульдік көлікті түсіріп алған. Полицейлер жарық шамдарын қоспаған.
Екеуі видеоны желіге жүктейміз деп тәртіп сақшыларын қорқытып, 150 мың теңге талап етті.
Жол ережесін бұзған полицей ішкі қауіпсіздік басқармасына арыз түсірді. Ал ақша бопсалаған ер адамдар қылмыс үстінде ұсталды.
Сотта 28 жастағы блогер өз кінәсін мойындаған жоқ. Ал оның сыбайласы барлық айыптаумен келісіп, көлік жүргізуші міндетін орындағанын айтты. Ақша алу кезінде делдал болған.
Олар Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағы ("Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет") бойынша кінәлі деп таныды.
Сот блогерді 3,6 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарса, оның сыбайласы 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Блогер бұған дейін сотталған.
Жаңалықтар
0