НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ығысатын Солтүстік-батыс циклоны әсерінен күн күркіреп, жаңбыр жауады.
29 маусымда солтүстікте, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр болжануда. Сондай-ақ бұршақ түсіп, жел күшейеді, ауа температурасы аздап төмендейді.
Ал еліміздің батыс облыстарында жауын-шашын тоқтайды.
Ірі қалалардағы ауа райы
28 маусымда Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде +9 градус, күндіз +21 градус.
Алматыда күн бұлтты, таңертең аздап жаңбыр жауады. Түнде +27 градус, күндіз +34 градус ыстық.
Шымкентте күн ашық. Түнде +28 градус, күндіз +38 градус ыстық.