Қоғам

Тоқаев Малика Зиядинді құттықтады

Президент жас спортшы қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратынына сенім білдірді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, деп жазады Ақорда.
"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың", - делінген хатта.
Халықаралық шахмат федерациясының ең жас чемпионы атанған Малика Зиядин
Президент жас спортшы қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.
Мектеп оқушылары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты Панама астанасында 10-19 маусым аралығында өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Малика барлық партияда жеңіп, ең көп ұпай жинаған.
Спорт
Қазақстандық шахматшы Гиннесс кітабына енді