Қоғам

Тоқаев Малика Зиядинді құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Жазылу
Президент жас спортшы қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратынына сенім білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, деп жазады Ақорда.
"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың", - делінген хатта.
© Пресс-служба Президента Республики КазахстанХалықаралық шахмат федерациясының ең жас чемпионы атанған Малика Зиядин
Малика Зиядин - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Халықаралық шахмат федерациясының ең жас чемпионы атанған Малика Зиядин
Президент жас спортшы қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.
Мектеп оқушылары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты Панама астанасында 10-19 маусым аралығында өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Малика барлық партияда жеңіп, ең көп ұпай жинаған.
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Спорт
Қазақстандық шахматшы Гиннесс кітабына енді
Жаңалықтар
0