Әлем

Sputnik пен RT-ның шетелдегі қаралымдары өсті - Microsoft

2 наурызда Еуропалық одақ Ресеймен Украина арасындағы жағдайға байланысты RT және Sputnik сигналдарын таратуға тыйым салды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым - Sputnik. Sputnik пен RT-ның шетелдегі қаралымдары өсті, деп хабарлайды РИА Новости Microsoft есебіне сілтеме жасап.
Microsoft есебінде Sputnik және RT сияқты ресейлік ақпарат ресурстарының жұмысына ерекше назар аударылған.
Sputnik сайттарының трафигін мен RT.com қаралымдары ай сайын шамамен 60 миллионға көбейіп жатыр. Бұл көрсеткіш АҚШ-тағы Wall Street Journal көрсеткіштерімен тең, делінген хабарламада.
"Биыл 24 ақпаннан бастап қаралымдар Украинада 216%-ке және АҚШ-та 82%-ке өсті", - делінген Microsoft есебінде.
2 наурызда Еуропалық одақ Ресеймен Украина арасындағы жағдайға байланысты RT және Sputnik сигналдарын таратуға тыйым салды. Шешім ЕО-ның ресми журналында жарияланды. Мына ұйымдар көрсетілген: RT - Russia Today English, RT - Russia Today UK, RT - Russia Today Germany, RT - Russia Today France және RT - Russia Today Spanish, сондай-ақ Sputnik.
Әлем
Sputnik сайттары бүкіл әлем бойынша DDoS-шабуылға ұшырап жатыр