Әлем

Sputnik сайттары бүкіл әлем бойынша DDoS-шабуылға ұшырап жатыр

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өту Sputnik жаңалықтар агенттігі
 Sputnik жаңалықтар агенттігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Sputnik сайттарына DDoS-шабуыл жасалып жатыр, материал жариялау қиындап кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Sputnik-тің барлық 30 сайты бүкіл әлем бойынша DDoS-шабуылға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Sputnik баспасөз қызметі.
"Sputnik сайттары бүкіл әлем бойынша тағы да жаппай кибершабуылға ұшырауда, бұл әрекеттер сенбіден бері толастар емес. Қазір қиыр, таяу шет елдерде барлық сайтта материал жариялау өте қиындап кеткен, бірақ сайттардың өзі қолданушыларға қолжетімді. Біз оқырмандарды жаңалықтарды Sputnik-тің Telegram-каналдарынан оқуға шақырамыз", - деді агенттіктегілер.
Sputnik сайттарына бүкіл әлем бойынша бірнеше күн бойы DdoS-шабуыл жасалып жатыр. Ол Anonymous-тің Ресеймен киберсоғыс басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды.
Жаңалықтар
0