НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей мен Қазақстанның әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін жетілдіру туралы, сондай-ақ екі елдің дамып келе жатқан әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Әскери ынтымақтастықты дамыту туралы жаңа шарт күшіне енді", - деп еске салды Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен кездесуде.
Ол министрліктердің өзара іс-қимылының өзекті бағыттарын айқындайды.
"Бұл, әрине, Ресей мен Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін жетілдіру, әскери-техникалық ынтымақтастық, кадрлар даярлау, жедел және жауынгерлік оқу іс-шаралары", - деп толықтырды министр.
Шойгу 24 маусымда ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресейдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтетінін айтты.
Сондай-ақ, көрші елдің қорғаныс министрі Қазақстанды биыл өтетін Мәскеу қауіпсіздік конференциясына, "Армия" форумына және Армия халықаралық ойындарына (АРМИ) шақырды.