https://sputnik.kz/20220623/qazaqstan-resey-aue-shabuyly-25731013.html
Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін жетілдіріп жатыр
Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін жетілдіріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Көрші елдің қорғаныс министрі Қазақстанды биыл өтетін Мәскеу қауіпсіздік конференциясына, "Армия" форумына және Армия халықаралық ойындарына шақырды 23.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-23T20:10+0500
2022-06-23T20:10+0500
2022-06-23T20:10+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/1371/26/13712606_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8b40cf22796f54a92cba17e0a178940b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей мен Қазақстанның әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін жетілдіру туралы, сондай-ақ екі елдің дамып келе жатқан әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. "Әскери ынтымақтастықты дамыту туралы жаңа шарт күшіне енді", - деп еске салды Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен кездесуде.Ол министрліктердің өзара іс-қимылының өзекті бағыттарын айқындайды.Шойгу 24 маусымда ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресейдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтетінін айтты. Сондай-ақ, көрші елдің қорғаныс министрі Қазақстанды биыл өтетін Мәскеу қауіпсіздік конференциясына, "Армия" форумына және Армия халықаралық ойындарына (АРМИ) шақырды.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1371/26/13712606_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_6163f6a75816c244f2ddf3cd899a25ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін жетілдіріп жатыр
Көрші елдің қорғаныс министрі Қазақстанды биыл өтетін Мәскеу қауіпсіздік конференциясына, "Армия" форумына және Армия халықаралық ойындарына шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей мен Қазақстанның әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін жетілдіру туралы, сондай-ақ екі елдің дамып келе жатқан әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Әскери ынтымақтастықты дамыту туралы жаңа шарт күшіне енді", - деп еске салды Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен кездесуде.
Ол министрліктердің өзара іс-қимылының өзекті бағыттарын айқындайды.
"Бұл, әрине, Ресей мен Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін жетілдіру, әскери-техникалық ынтымақтастық, кадрлар даярлау, жедел және жауынгерлік оқу іс-шаралары", - деп толықтырды министр.
Шойгу 24 маусымда ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресейдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтетінін айтты.
Сондай-ақ, көрші елдің қорғаныс министрі Қазақстанды биыл өтетін Мәскеу қауіпсіздік конференциясына, "Армия" форумына және Армия халықаралық ойындарына (АРМИ) шақырды.