Әлем

Жапониялық түрмеге қайта оралу үшін әйелді кепілге алды

Тергеу барысында ол биыл сәуір айында түрмеден шыққаны белгілі болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Жапонияның Кавагоэ қаласында сәрсенбіге қараған түні ер адам интернет-кафеде әйелді кепілге алды. Ұсталған кезде ол "түрмеге оралғысы келетінін" айтты, деп хабарлайды РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Ол әйелді интернет-кафенің жалға алынған бөлмесінде шамамен 5 сағат ұстаған. Ішінен кілт салып қойған, бұл босату процесін қиындатқан. Ақыр соңында полиция бөлмеге кіріп, ер адамды тұтқындады. Әйелді босатқан, ол зардап шеккен жоқ.
42 жастағы ер адам еш жерде жұмыс істемейді, тұрғылықты мекен жайы жоқ. Ер адам дүйсенбі таңертең дәмханаға кіріп, сол жерде қалған. Тергеу барысында ол биыл сәуір айында түрмеден шыққаны белгілі болды.
"Егер мен осындай бір нәрсе жасасам, түрмеге орала аламын деп ойладым", - деді ол.
Өңірлер
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды