Бибісара Асаубаева президенттің сыйлығын көрсетті

Ол биыл қаңтар айында Асаубаева Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында "блицте" 1-орынды жеңді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан президенті берген сыйлықты көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамының мүшелері мен шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Ақордаға Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Меруерт Калиденова барды. Президент Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.
Кездесуден кейін Бибісара Асаубаева желідегі парақшасында президентпен бірге түскен фотоны жариялады. Сондай-ақ, Тоқаевтың берген сыйлығын көрсетті.
Айта кетері, биыл қаңтар айында Асаубаева Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында "блицте" 1-орынды жеңіп, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.
Осы жеңістен кейін оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Сол кезде шахматшы қыз мемлекет басшысына өз өтінішін айтқан.