ТАЛДЫҚОРГАН, 20 маусым – Sputnik. Талдықорғанда үш көлік соқтығысты, жантүршігерлік жол апатынан 19 жастағы жігіт аман қалды.
Оқиғаны полиция растады. Ведомствоның мәліметінше, Талдықорған қаласының шетіндегі Жалайыр даңғылында 21 маусымға қараған түні Nissan Maxima, ЗИЛ-130 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына Nissan Maxima көлігінің 19 жастағы жүргізушісі кінәлі. Ол ЗИЛ-130 жүк көлігімен және Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан Nissan жүргізушісі зардап шегіп, жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды.