Талдықорғанда 19 жастағы жүргізуші жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

© Sputnik / СтрингерЖол апаты, архивтегі фото
Жол апаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРГАН, 20 маусым – Sputnik. Талдықорғанда үш көлік соқтығысты, жантүршігерлік жол апатынан 19 жастағы жігіт аман қалды.
Оқиғаны полиция растады. Ведомствоның мәліметінше, Талдықорған қаласының шетіндегі Жалайыр даңғылында 21 маусымға қараған түні Nissan Maxima, ЗИЛ-130 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына Nissan Maxima көлігінің 19 жастағы жүргізушісі кінәлі. Ол ЗИЛ-130 жүк көлігімен және Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан Nissan жүргізушісі зардап шегіп, жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Көлік айнасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Оқиға
Павлодарда жол апатынан төрт адам зардап шекті
Жаңалықтар
0