ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Еуразия үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Минскіде өткен үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Sputnik ақпарат агенттігінің бейнекөпірінде Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина хабарлады.
"Біз Еуразия үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 25-26 тамызда Шолпон Атада өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді Малкина.
Айта кетері, 20-21 маусымда Минскіде Қырғызстанның төрағалығымен Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы, сондай-ақ ЕЭК кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
Экономика
Биыл ЕАЭО елдерімен сауда өсімінің қарқыны төмендеді - Смайылов