https://sputnik.kz/20220621/biyl-eaeo-elderi-sauda-25671692.html
Биыл ЕАЭО елдерімен сауда өсімінің қарқыны төмендеді - Смайылов
Биыл ЕАЭО елдерімен сауда өсімінің қарқыны төмендеді - Смайылов
Sputnik Қазақстан
Қазақстан премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Минскіге барды 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T14:46+0500
2022-06-21T14:46+0500
2023-08-10T12:23+0500
экономика
әлихан смайылов
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24309017_0:135:3163:1914_1920x0_80_0_0_a029477c88a419c90bf1bf22b9f8fecd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Биыл Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара саудасы баяулады. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.Сондай-ақ, министрлер кабинетінің басшысы нақты кооперациялық жобалар өнеркәсіптің барлық салаларында - машина жасаудан бастап, жоғары технологиялық тамақ өнімдері мен медициналық бұйымдар өндірісіне дейін қажет екенін айтты."Жоғары технологиялық инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасау мақсатында нақты кооперациялық жобаларға және тұтастай алғанда кооперациялық байланыстарды нығайтуға ден қоюды ұсынамын", - деді премьер.Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов күн сайын әлемдік сауда ережелері өзгеріп жатқанын, яғни жаңа сауда бағдарларын құру қажеттігі туындағанын атап өтті."Біз баламалы жолдарды бірлесіп іздеуге дайынбыз. Алайда одақтың бүкіл аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз ету, теңіз порты инфрақұрылымына қол жеткізу іс жүзінде іске асырылуға тиіс. Бұл мәселе шешілмей, ЕАЭО артықшылығын бағалау өте қиын", – деп мәлімдеді Қазақстан үкіметінің басшысы.Айта кетері, Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Минскіге барды.Іс-шараға Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24309017_216:0:2947:2048_1920x0_80_0_0_55ffea07be3b84edd588f8a530af1be6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, еаэо
Биыл ЕАЭО елдерімен сауда өсімінің қарқыны төмендеді - Смайылов
14:46 21.06.2022 (жаңартылды: 12:23 10.08.2023) Қазақстан премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Минскіге барды
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Биыл Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара саудасы баяулады. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
"Былтыр өзара сауда көрсеткіштері бойынша рекордтық жыл болды. ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 31%-ке өсті. Биыл төрт айда Қазақстан мен ЕАЭО-ның өзара саудасы бар болғаны 5%-ке өсіп, 7,7 миллиард доллар болды", - деді Смайылов.
Сондай-ақ, министрлер кабинетінің басшысы нақты кооперациялық жобалар өнеркәсіптің барлық салаларында - машина жасаудан бастап, жоғары технологиялық тамақ өнімдері мен медициналық бұйымдар өндірісіне дейін қажет екенін айтты.
"Жоғары технологиялық инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасау мақсатында нақты кооперациялық жобаларға және тұтастай алғанда кооперациялық байланыстарды нығайтуға ден қоюды ұсынамын", - деді премьер.
Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов күн сайын әлемдік сауда ережелері өзгеріп жатқанын, яғни жаңа сауда бағдарларын құру қажеттігі туындағанын атап өтті.
"Біз баламалы жолдарды бірлесіп іздеуге дайынбыз. Алайда одақтың бүкіл аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз ету, теңіз порты инфрақұрылымына қол жеткізу іс жүзінде іске асырылуға тиіс. Бұл мәселе шешілмей, ЕАЭО артықшылығын бағалау өте қиын", – деп мәлімдеді Қазақстан үкіметінің басшысы.
Айта кетері, Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Минскіге барды.
Іс-шараға Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.