Әлем

Бішкек маңында тұрғындар жартылай жалаңаш ер адамды бағанаға байлап қойды - фото

57 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Бішкекте тұрғындар ұрлық жасаған ер адамды бағанаға байлап қойды. Оның суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Ер адамды скотчпен байлап, кеудесіне "Ууру" ("ұры") деп жазып қойған.
Шу облысының ішкі істер басқармасы оқиға туралы ақпарат 20 маусым сағат 16:00-де түскенін хабарлады. Полицияның мәліметінше, жергілікті тұрғындар ер адам телефон мен басқа да құнды заттар ұрлағанын айтқан .
57 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ,тәртіп сақшылары тұрғындардың әрекетіне заңды баға береді.
Қостанай облысында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойған