Оқиға

Павлодарда жол апатынан төрт адам зардап шекті

Апат Теплов және Абай көшелерінің қиылысында болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 маусым – Sputnik. Павлодардағы қиылыстардың бірінде жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті, үшеуі ауруханаға жеткізілді. Апат Теплов және Абай көшелерінің қиылысында болды, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі зейнеткер және 10 жастағы бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
"75 жастағы әйел мен 82 жастағы ер адамның жағдайы орташа қалыпты. 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасына да орташа дәрежеде жеткізілді", - деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ, 1982 жылы туған тұрғын ауруханаға барудан бас тартқан.
Оқиға
Павлодар облысында жолдың жиегіне тоқтаған көліктер апатқа ұшырады