Спорт

Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстандық спортшы Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
Карими турникте жаттығу жасау жарысында 14,133 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Бұған дейін Нариман Құрбанов күміс медальді жеңіп алған.
Айта кетері, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты Доха қаласында өтіп жатыр. Бұл әлемдік біріншілікке іріктеу жарысы болып саналады. Ол 28 қазан мен 6 қараша аралығында Ливерпульде өтеді. Қазақстан қомандасы әлем чемпионатына толық құраммен барады.
Милад Карими Токиода өткен жазғы Олимпиада-2020 ойындарында Қазақстан атынан бақ сынаған еді.
Спорт
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші "алтын" түсті