НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Бүгін елордада Nur-SultanHalf Marathon-2022 басталды. Марафонға Қазақстан мен тағы 24 елдің спортшылары жиналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Марафон ЭКСПО алдындағы алаңнан басталды. Жарысқа қатысушылар 21.1 км,10 км және 10 км скандинавиялық жүріс қашықтығына шықты.
"Мен Нұр-Сұлтанда тұрамын, бүгін марафонға қатысамын. Он шақырымға жүгіремін, көңіл-күй керемет, көңілді. Марафонға қатысып жатқан барлық елорда тұрғынына көтеріңкі көңіл-күй мен сәттілік тілеймін", - деді астаналық Роза Ажикенова.
Нұрқат Нариман марафонға қатысу үшін елордаға Семейден арнайы келген.
"Мен елордадағы марафонға екінші рет қатысып отырмын. Өзімнің дайындығымды орташа деп бағалаймын, өйткені жұмыс істеуге көп уақыт болмады. Бірақ бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мен өзім үшін жүгіремін, бүкіл қашықтықты жүгіруді мақсат еттім. Баршаңызды осындай марафондарға қатысып, спортқа қатысуға шақырамын", - деді Нұрқат.
Марафонға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларынан 4 мыңнан астам әуесқой спортшы, сондай-ақ әлемнің 24 елінен, соның ішінде Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, ОАР, Эфиопия және Жаңа Зеландия елдерінің өкілдері қатысып жатыр.
21.1 км қашықтықта абсолютті жас санатында жеңімпаздарды ақшалай жүлде, медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар күтеді:
1 орын – 450 000 теңге,
2 орын – 400 000 теңге,
3 орын – 350 000 теңге.
Марафонға байланысты дәрігерлер, еріктілер, ТЖД және полиция қызметкердері кезекшілік атқарады. Старттағы, сондай-ақ тас жолдағы тазалықпен қалалық қызметтер айналысады.
Спорттық шараға байланысты қаланың орталық көшелері жабылды.