Нұр-Сұлтанда 19 маусымда кейбір жол учаскелері жабылады
© Photo : сайт almaty-marathon.kz19 маусымда жол жабылады
© Photo : сайт almaty-marathon.kz
Жазылу
Елордада жартылай марафон өтеді – кейбір учаскелерде көлік қозғалысы бір күн қалғанда тоқтатылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Жартылай марафонға бір күн қалғанда және шара өтетін күні кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады. Бұл туралы Nur-Sultan Half Marathon ұйымдастыру комитеті ескертті.
Жартылай марафон EXPO көрме орталығының аумағында басталады.
EXPO учаскесінде қозғалыс 18 маусым сағат 12.00-ден 19 маусым 15.00-ге дейін жабылады.
Түркістан көшесінде, EXPO ғимаратынан Сығанақ көшесіне дейін 19 маусымда 07.00-ден 8.50-ге дейін, Сығанақ көшесінен Бәйтерек монументіне дейін 7.40-тан 8.20-ға дейін жабылады.
Сығанақ көшесінде Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін 7.40-тан 9.40-қа дейін жабылады.
Тәуелсіздік даңғылында Райымбек батыр көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін 8.00-ден 10.40-қа дейін жабылады.
Сарайшық көшесінде Тәуелсіздік даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін, айналма жолдың солтүстік бөлігін қосқанда, 8.00-ден 10.40-қа дейін жабық болады.
Мәңгілік ел даңғылындағы жол учаскесінде айналма жолдың оңтүстік бөлігінен Қонаев көшесіне дейін 8.20-дан 10.40-қа дейін жабылады.
Қонаев көшесінде Мәңгілік ел даңғылынан "Хан Шатыр" СОСО аумағы маңында 8.30-дан 11.30-ға дейін жабылады.
Достық көшесінде "Хан Шатыр" сауда орталығынан Ақмешіт көшесіне дейін 8.30-дан 11.40-қа дейін жабылады.
Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен EXPO көрмесіне дейін 8.40-тан 12.00-ге дейін жабылады.
Жартылай марафонға 4 мыңға жуық адам қатысады.