Қоғам

Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. 17 маусымда Ереванда өткен "ТМД аруы-2022" байқауында Қазақстаннан қатысқан Диана Перханова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sputnik Армения.
Ереванда өткен "ТМД аруы" байқауы
Екінші орын Грузиядан барған Эмми Мхитарянға бұйырды. Эстон аруы Карина Низинкая үшінші орын алды.
"Жылы қарсы алғаны үшін Арменияға алғысымды айтамын. Елмен, халықтың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстым. Басыма тәж киемін деп күтпеп едім", - деді журналистерге Диана Перханова.
Байқау жеңімпазы Диана Перханова
"ТМД аруы" байқауы Арменияда осымен екінші рет өтті. Оған өз елдерінде іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен 23 қыз қатысты.
Армения астанасына ТМД елдері (Әзербайжанды қоспағанда), сонымен қатар Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Куба арулары келді. Жеңімпазды 13 елдің өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады.
Айта кетері, Арменияда 2017 жылғы "ТМД аруы" байқауында "Гран-приді" Шушан Ерицян алған еді.Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды.