https://sputnik.kz/20220618/qazaqstandyq-qyz-tmd-aruy-2022-atandy-25617757.html
Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды
Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. 17 маусымда Ереванда өткен "ТМД аруы-2022" байқауында Қазақстаннан қатысқан Диана Перханова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды... 18.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-18T14:33+0500
2022-06-18T14:33+0500
2022-06-18T14:33+0500
қоғам
тмд
ару
https://sputnik.kz/img/07e6/06/12/25614549_0:0:3046:1714_1920x0_80_0_0_03f94d509a5ee78cca54ba8f66138a9e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. 17 маусымда Ереванда өткен "ТМД аруы-2022" байқауында Қазақстаннан қатысқан Диана Перханова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sputnik Армения.Екінші орын Грузиядан барған Эмми Мхитарянға бұйырды. Эстон аруы Карина Низинкая үшінші орын алды."Жылы қарсы алғаны үшін Арменияға алғысымды айтамын. Елмен, халықтың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстым. Басыма тәж киемін деп күтпеп едім", - деді журналистерге Диана Перханова."ТМД аруы" байқауы Арменияда осымен екінші рет өтті. Оған өз елдерінде іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен 23 қыз қатысты.Армения астанасына ТМД елдері (Әзербайжанды қоспағанда), сонымен қатар Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Куба арулары келді. Жеңімпазды 13 елдің өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады.Айта кетері, Арменияда 2017 жылғы "ТМД аруы" байқауында "Гран-приді" Шушан Ерицян алған еді.Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/12/25614549_0:0:2644:1983_1920x0_80_0_0_4c2807cdfd25e866ee7ab56031c8a230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, ару
Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. 17 маусымда Ереванда өткен "ТМД аруы-2022" байқауында Қазақстаннан қатысқан Диана Перханова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды
Sputnik Армения. Екінші орын Грузиядан барған Эмми Мхитарянға бұйырды. Эстон аруы Карина Низинкая үшінші орын алды.
"Жылы қарсы алғаны үшін Арменияға алғысымды айтамын. Елмен, халықтың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстым. Басыма тәж киемін деп күтпеп едім", - деді журналистерге Диана Перханова.
"ТМД аруы" байқауы Арменияда осымен екінші рет өтті. Оған өз елдерінде іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен 23 қыз қатысты.
Армения астанасына ТМД елдері (Әзербайжанды қоспағанда), сонымен қатар Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Куба арулары келді. Жеңімпазды 13 елдің өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады.
Айта кетері, Арменияда 2017 жылғы "ТМД аруы" байқауында "Гран-приді" Шушан Ерицян алған еді.Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды.