НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды, деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге сандық шектеу (квота) енгізіліп отыр. Шектеу 2022 жылғы 18 маусымнан 2022 жылғы 31 тамызға дейін енгізілді.
"Квота бағаны тұрақтандыру және сыртқы нарықтағы жоғары сұранысқа байланысты ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында енгізілді", - деп түсіндірді комитет.
Күнбағыс майын ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана елден шығаруға рұқсат етіледі.