Саясат

Тоқаев: ЕАЭО өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы

Шектен тыс инфляция және азық-түлік тапшылығымен күрес - бұл біздің ортақ міндетіміз, деді Қазақстан президенті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. ЕАЭО елдерінің әлеуеті өзін азық-түліктің қажетті көлемімен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумында.

"Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету ішкі тұрақтылықты сақтаудың бірінші кезектегі міндеті және факторы болып қала береді. Сенімді азық-түлік жүйесін құру үшін инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізу, азық-түлік шығынын қысқарту маңызды", - деді Қазақстан президенті.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін ЕАЭО-ны қоса алғанда, барлық қатысушы мемлекеттердің қажеттілігі мен мүдделерін ескере отырып ұлттық деңгейлерде де, өңірлік бірлестіктер шеңберінде де әзірлеу қажет болар еді. Келісілген жұмыс болмаса, осы өте маңызды салада алға қойылған мақсаттарға жету қиын.
"Басқаша айтқанда, шектен тыс инфляция және азық-түлік тапшылығымен күрес - бұл біздің ортақ міндетіміз. Қазір және алдағы уақытта біз үшін бұдан басқа маңызды мақсат жоқ. Өйткені ол біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей қатысты. Біздің елдеріміздің әлеуеті нарықтарымызды қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді президент.
ЕАЭО экономикасының көлемі 2 трлн доллардан асады - Тоқаев