НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы кешкі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 446,91 теңге болды.
Осылайша бір тәулікте шетелдік валюта 4,59 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми бағамы 442,17 теңгені құраған еді.
Ал рубль бағамы биржада 7,9 теңгеге жетті.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 445-446 теңгеге сатып алып, 449-451 теңгеден сатып жатыр.
Бұған дейін үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси ахуалға, ішкі қатысушылардың болжамдары мен әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болатынын мәлімдеген еді.