Экономика

Президент Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
Ғалымжан Пірматов президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Ғалымжан Пірматов президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Жаңалықтар
0