Дизайн саласында бұл іс-шара ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Оның тарихы да бай. Алғаш рет Милан дизайн апталығы 1961 жылы өткен. Дәл осы апталық аясындағы көрмелерде жиһаз және интерьер сәні қалыптасып, алдағы жылдары жиһаз нарығының даму қарқыны анықталады.
Көрмеге интерьер дизайны саласындағы соңғы сән трендтерін көрсететін әлемдік жиһаз индустриясының көшбасшылары ғана қатысады. Негізгі экспозициялар Fiera Milano бас көрме орталығына орналастырылды.
Миландағы көрме өзінің жарты ғасырдан астам тарихында жиһаз өндірушілер, импорттаушылар мен дизайнерлер үшін тұрғын үй және қоғамдық кеңістіктерді сәндеу саласындағы жылдың ең маңызды оқиғасына айналды. Мұндай танымалдылыққа итальян жиһазының мінсіз сапасын ғана емес, сонымен қатар экспозициялардың креативті сипатта орындалуы да себеп.