Тоқаев шілдеде министрлер мен әкімдерді жинайды

Жиырма өңір бойынша алты айдың қорытындысы жасалады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдымыздағы шілде айында мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Смайылов барлық әкім мен министрге осы отырысқа дайындалуды тапсырды.
Үш жаңа облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша алты айдың қорытындысы жасалады.
Экономика
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 4,6%-ке өсті