Өңірлер

Павлодарда әскери қызметші көз жұмды

Ол жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды
Sputnik
ПАВЛОДАР, 13 маусым – Sputnik. Павлодардағы 5512 әскери бөлімінде әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марқұм – 1990 жылы туған ер адам. Ол жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Әріптестерінің айтуынша, ер адам "КамАЗ" дөңгелегінің желін толтырып жатқанда жарылыс болған.
Оқиға
Алматы облысында парашютпен секірген әскери қызметші қаза болды