Назарбаев Ресей президентімен кездесті

Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
"Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді", - делінген хабарламада.
Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.
Назарбаев саясатқа араласпайды, біз ол кісімен ақылдаспаймыз – Мәулен Әшімбаев