Назарбаев саясатқа араласпайды, біз ол кісімен ақылдаспаймыз – Мәулен Әшімбаев

Нұрсұлтан Назарбаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда саясатқа араласып жатқан жоқ. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
5 маусымда өткен республикалық референдумға Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мәртебесін Конституциядан алып тастау мәселесі шығарылған болатын. Халық барлық түзетуді қолдады. Күні кеше конституциялық өзгерістер қабылданып, Констиуция ресми түрде өзгертілді.
"Біз Елбасы және оның отбасы мүшелеріне қатысты норманы алып тастадық қой. Енді Қазақстанның тұңғыш президенті туралы конституциялық заңның күші жойылады. Оны Конституциядан алып тастасақ, заңның күші де жойылады. Енді біз бұның бәрін заңды тұрғыда рәсімдейміз. Бірақ Конституцияда оған қатысты мәселе реттеліп қойды", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Конституцияда экс-президенттерге қатысты нормалар бекітілген. Бірақ "одан артық ештеңе өзгертілмейді". Бүгінде Қазақстанның экс-президенті саясатқа араласып отырған жоқ.
"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатқа араласып жатқан жоқ. Әрине, референдум сияқты үлкен шаралар болғанда ол кісі міндетті түрде қатысады. Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауын жасайды. Бірақ саясаткер ретінде, тұңғыш президент ретінде саясатқа араласпайды. Біз ол кісімен ақылдаспаймыз", - деп түйіндеді Әшімбаев.
Жаңалықтар
0