Жалпы Дүниежүзілік балмұздақ күнінің маусым айына дөп келуі де кездейсоқ емес. Тура 236 жыл бұрын суық тәттіні жаппай сату басталған.
Балмұздақ жайлы не білеміз
Оның тарихы ондаған ғасырды қамтиды. Мысалы, шамамен үш мың жыл бұрын көне Қытайда мұз, қар мен жеміс бөліктерінен құралған қоспамен ыстық күнде көмектескен. Ал кейінірек бұл қоспаға сүт қоса бастаған.
Тәттіні дайындау әдісін жібек матаны дайындау тәсілі секілді жоғары құпияда сақтаған. Еуропада мұздатылған сүтті қолдану рецепті XIV ғасырда пайда болды. Араға төрт жүз жыл салып Францияда алғашқы классикалық балмұздақ дайындала бастады.
"Пломбир" атауы да Францияда пайда болған. Бұл балмұздақ шыққан Пломбьер-ле-Бем елді мекенінің атауымен тікелей байланысты. ХІХ ғасырда осы елде стақан пішінді қытырлақ вафлиге балмұздақ құю әдісін ойлап тапты.
Сол уақыттан бері бүкіл ғаламшарда балмұздақ жас та, кәрі де сүйіп жейтін суық тәттіге айналды.
Бүгінгі топтамадан адамдардың балмұздақпен түскен тарихи суреттерін тамашалай аласыз.