Жалпы Дүниежүзілік балмұздақ күнінің маусым айына дөп келуі де кездейсоқ емес. Тура 236 жыл бұрын суық тәттіні жаппай сату басталған. Балмұздақ жайлы не білемізОның тарихы ондаған ғасырды қамтиды. Мысалы, шамамен үш мың жыл бұрын көне Қытайда мұз, қар мен жеміс бөліктерінен құралған қоспамен ыстық күнде көмектескен. Ал кейінірек бұл қоспаға сүт қоса бастаған. Тәттіні дайындау әдісін жібек матаны дайындау тәсілі секілді жоғары құпияда сақтаған. Еуропада мұздатылған сүтті қолдану рецепті XIV ғасырда пайда болды. Араға төрт жүз жыл салып Францияда алғашқы классикалық балмұздақ дайындала бастады."Пломбир" атауы да Францияда пайда болған. Бұл балмұздақ шыққан Пломбьер-ле-Бем елді мекенінің атауымен тікелей байланысты. ХІХ ғасырда осы елде стақан пішінді қытырлақ вафлиге балмұздақ құю әдісін ойлап тапты. Сол уақыттан бері бүкіл ғаламшарда балмұздақ жас та, кәрі де сүйіп жейтін суық тәттіге айналды.Бүгінгі топтамадан адамдардың балмұздақпен түскен тарихи суреттерін тамашалай аласыз.
Балмұздақты кішкентай бүлдіршіннен егде жастағы қарияға дейін сүйіп жейді
Жалпы Дүниежүзілік балмұздақ күнінің маусым айына дөп келуі де кездейсоқ емес. Тура 236 жыл бұрын суық тәттіні жаппай сату басталған.
Балмұздақ жайлы не білеміз
Оның тарихы ондаған ғасырды қамтиды. Мысалы, шамамен үш мың жыл бұрын көне Қытайда мұз, қар мен жеміс бөліктерінен құралған қоспамен ыстық күнде көмектескен. Ал кейінірек бұл қоспаға сүт қоса бастаған.
Тәттіні дайындау әдісін жібек матаны дайындау тәсілі секілді жоғары құпияда сақтаған. Еуропада мұздатылған сүтті қолдану рецепті XIV ғасырда пайда болды. Араға төрт жүз жыл салып Францияда алғашқы классикалық балмұздақ дайындала бастады.
"Пломбир" атауы да Францияда пайда болған. Бұл балмұздақ шыққан Пломбьер-ле-Бем елді мекенінің атауымен тікелей байланысты. ХІХ ғасырда осы елде стақан пішінді қытырлақ вафлиге балмұздақ құю әдісін ойлап тапты.
Сол уақыттан бері бүкіл ғаламшарда балмұздақ жас та, кәрі де сүйіп жейтін суық тәттіге айналды.
Бүгінгі топтамадан адамдардың балмұздақпен түскен тарихи суреттерін тамашалай аласыз.
Ұлыбритания актері Джеймс Мейсон балмұздақ жеп отыр. Ол Италия жұлдызы Патриция де Бланкпен бірге халық балетінің Римдегі тұсаукесеріне қатысқан сәт. Италия, 1962 жылдың 23 қазаны
Мұхаммед Әли балмұздақ жеп, ал Джо Фрейзер жымиып отыр. Мэдисон-Сквер-Гарден ресми өкілі Джон Кондон (ортада) кездесуден кейін баспасөз конференциясын өткізіп тұр. 1974 жылдың 28 қаңтарында Әли Нью-Йорктегі жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз атанған еді
Камбоджа тұрғыны Пномпеньнен оңтүстікке қарай 50 шақырымдағы шағын станцияда "Пасифик 231" ескі паровозы келгенге дейін кішкентай қызға балмұздақ дайындап жатыр
Бакнинь провинциясында "Куан хо" вьетнам стилінде ән орындау үшін дәстүрлі костюм киген әртістердің жанында кішкентай қыз балмұздақ жеп тұр, 1998 жыл, 10 ақпан