Елорда тынысы

Елордада тағы бір саябақ пайда болады - Көлгінов жаңа мешіт аумағын көрсетті

Қаланың жаңа көрікті жерінде 300 метрлік фонтан, көлеңкелі шатырлар, шағын сәулет нысандары және көптеген жасыл желек болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жаңа мешіт алдындағы кеңістік жобасын таныстырды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Жаңа мешіт Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасқан. Елорда әкімшілігі бірнеше жылдан кейін бұл жерді үлкен абаттандырылған саябаққа айналдыруды жоспарлап отыр.
"Жаңа мешіттің кіреберіс аллеясының алдында қоғамдық кеңістік болады. Қазір онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналады", - деп жазды Көлгінов.
Демеушілік қаражат есебінен салынып жатқан мешіттің өзі Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт.
"Оған 30 мыңдай адам сияды. Бас күмбездің биіктігі - 90 метр, мұнаралары - 130 метр", - деп жазды әкім.
Видео
Орталық Азиядағы ең биік мешіттің құрылысы аяқталуға жақын - видео