Мешіттің құрылыс жұмыстары карантинге қарамастан жүргізіліп жатты. Осылайша діни ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын қалды. Sputnik Қазақстан тілшісі Владислав Воднев ғимаратты әуеден түсірді.
Жоба бойынша мешіттің биіктігі 130 метрді құрайды. Ал оның бас күмбезінің биіктігі 88,2 метр. Ерлерге арналған сыйыну залына 15 мың адам, әйелдер залына үш мың адам сияды.
Оның құрылысы 2019 жылдың көктемінде басталды. 2021 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.
Құрылысы аяқталуға жақын мешітті видеодан тамашалаңыз.