Қазақстанның Әскери доктринасына өзгеріс енгізіледі

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Әскери доктринаға енгізілетін түзетулердің жобасын әзірледі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі құжатты жаңа болмысқа бейімдеуге бағытталған қолданыстағы Әскери доктринаны қайта қарап жатыр", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Құжатқа өзгерістер енгізуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жарлық жобасының толық мәтінімен 2022 жылғы 24 маусымға дейінгі ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі жайлы: бұған армия ғана кінәлі емес