НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде "көтеріліп" кеткен жолдың видеосы тарап кетті.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, "Қызылорда – Шымкент" ақылы жолдың бойында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен. Ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылады.
Төрткөл ауылына жақын жерде түсірілген видеодан көліктердің өте алмай жатқаны анық көрінеді. Жеңіл көліктер айналып өтіп жатыр. Ал жүк көліктер жолдың бойында тұр.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде жол жөнделді, көтеріліп кеткен бетон плиталар орнына қойылды.
"Шымкентжолқұрылыс" ЖШС жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оған 10 жұмысшы және 5 арнайы техника тартылды. Қажетті жол белгілері орнатылды", - дейді компания мамандары.