https://sputnik.kz/20220609/turkistan-oblysyn-zhol-zharylyp-ketti-video-25435919.html
Түркістан облысында ыстықтан жол жарылып кетті – видео
Түркістан облысында ыстықтан жол жарылып кетті – видео
Sputnik Қазақстан
"Қызылорда – Шымкент" ақылы жолдың бойында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T18:49+0500
2022-06-09T18:49+0500
2022-06-09T18:49+0500
өңірлер
түркістан облысы
жол
https://sputnik.kz/img/22/82/228239_0:223:4272:2626_1920x0_80_0_0_efc1b35b17b438da1a7789cec75c9550.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде "көтеріліп" кеткен жолдың видеосы тарап кетті. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.Ресми мәліметке сәйкес, "Қызылорда – Шымкент" ақылы жолдың бойында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен. Ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылады. Төрткөл ауылына жақын жерде түсірілген видеодан көліктердің өте алмай жатқаны анық көрінеді. Жеңіл көліктер айналып өтіп жатыр. Ал жүк көліктер жолдың бойында тұр. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде жол жөнделді, көтеріліп кеткен бетон плиталар орнына қойылды. "Шымкентжолқұрылыс" ЖШС жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оған 10 жұмысшы және 5 арнайы техника тартылды. Қажетті жол белгілері орнатылды", - дейді компания мамандары.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/82/228239_238:0:4035:2848_1920x0_80_0_0_45caaca1fd6c1992bd23efad20d9ab87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, жол
Түркістан облысында ыстықтан жол жарылып кетті – видео
"Қызылорда – Шымкент" ақылы жолдың бойында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде "көтеріліп" кеткен жолдың видеосы тарап кетті.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, "Қызылорда – Шымкент" ақылы жолдың бойында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен. Ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылады.
Төрткөл ауылына жақын жерде түсірілген видеодан көліктердің өте алмай жатқаны анық көрінеді. Жеңіл көліктер айналып өтіп жатыр. Ал жүк көліктер жолдың бойында тұр.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде жол жөнделді, көтеріліп кеткен бетон плиталар орнына қойылды.
"Шымкентжолқұрылыс" ЖШС жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оған 10 жұмысшы және 5 арнайы техника тартылды. Қажетті жол белгілері орнатылды", - дейді компания мамандары.