Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде қайғылы оқиға болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде кірпіш дуал (қоршау) жұмысшының үстіне құлады, деп хабарлады Lada.kz сайты.
"8 маусым күні сағат 11:05-те 23-шағын ауданда жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кірпіш дуал опырылып құлап, "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 1978 жылы туған қызметкерін басып қалған", – делінген Маңғыстау облыстық ТЖД хабарламасында.
ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 17 құтқарушы мен 4 техника келді. Олар зардап шеккен ер адамды үйінді астынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы ер адамның жансақтау бөлімінде көз жұмғанын хабарлады.
Алматыда үш жұмысшыны арматура басып қалды