https://sputnik.kz/20220416/almaty-zhumysshy-armatura-24251766.html
Алматыда үш жұмысшыны арматура басып қалды
Алматыда үш жұмысшыны арматура басып қалды
Sputnik Қазақстан
Оқыс оқиғаның салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілген, қаза болғандар жоқ 16.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-16T15:44+0500
2022-04-16T15:44+0500
2022-04-16T15:51+0500
құрылыс
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24137582_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_1f08984011d43ef0c1fa7e43142b4096.jpg
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда құрылыс алаңдарының бірінде төтенше жағдай болды – жұмысшыларды арматура басып қалды.Бірнеше адам темір металдың астында қалды.Куәгерлер төтенше жағдайдың қалай болғанын видеоға түсіріп алған.Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі тергеліп жатқанын айтты."Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Кей мәліметке сүйенсек, құрылысты "Базис-А" компаниясы жүргізіп жатқан. Sputnik Қазақстан компаниядан жағдайға байланысты пікір білдіруін сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24137582_16:0:2745:2047_1920x0_80_0_0_c8ee629474845ed334631c78405f4e17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, төтенше жағдай
Алматыда үш жұмысшыны арматура басып қалды
15:44 16.04.2022 (жаңартылды: 15:51 16.04.2022) Оқыс оқиғаның салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілген, қаза болғандар жоқ
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда құрылыс алаңдарының бірінде төтенше жағдай болды – жұмысшыларды арматура басып қалды.
Бірнеше адам темір металдың астында қалды.
Куәгерлер төтенше жағдайдың қалай болғанын видеоға түсіріп алған.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі тергеліп жатқанын айтты.
"Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кей мәліметке сүйенсек, құрылысты "Базис-А" компаниясы жүргізіп жатқан. Sputnik Қазақстан компаниядан жағдайға байланысты пікір білдіруін сұрады.