Өңірлер

Ақтау қаласында жүргізілген арнайы операцияның видеосы тарады

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің жасағы көпқабатты үйдің пәтеріне балкон арқылы кірді. Есірткі тасымалына қатысты бар деген күдікпен ирандық әйел ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде тараған видео 1 маусымда түсірілген. Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ақтау қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Иран азаматын құрықтады.
Әйел тұрған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 39 келі "апиын" есірткі заты тәркіленді. Күдікті әйел ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткіні өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы бапта он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.