https://sputnik.kz/20220608/aqtau-qalasy-arnayy-operatsiya-25405639.html
Ақтау қаласында жүргізілген арнайы операцияның видеосы тарады
Ақтау қаласында жүргізілген арнайы операцияның видеосы тарады
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T16:31+0500
2022-06-08T16:31+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
арнайы операция
ақтау
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_201305f3ff5b71ccb9c274c8ab7d2e52.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің жасағы көпқабатты үйдің пәтеріне балкон арқылы кірді. Есірткі тасымалына қатысты бар деген күдікпен ирандық әйел ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Желіде тараған видео 1 маусымда түсірілген. Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ақтау қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Иран азаматын құрықтады. Әйел тұрған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 39 келі "апиын" есірткі заты тәркіленді. Күдікті әйел ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткіні өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапта он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:2160_1920x0_80_0_0_c4ae3e2cdee4b4d85260984444426a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арнайы операция, ақтау
Ақтау қаласында жүргізілген арнайы операцияның видеосы тарады
16:31 08.06.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің жасағы көпқабатты үйдің пәтеріне балкон арқылы кірді. Есірткі тасымалына қатысты бар деген күдікпен ирандық әйел ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Желіде тараған видео 1 маусымда түсірілген. Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ақтау қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Иран азаматын құрықтады.
Әйел тұрған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 39 келі "апиын" есірткі заты тәркіленді. Күдікті әйел ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткіні өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы бапта он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.