НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Қайрат Нұртай биыл наурыз айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020-2021 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі болды.
2015-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып қызмет еткен.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс тәжірибесі бар.