Тоқаев Шекара қызметінің жаңа басшысын тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
Алдажұманов бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі "Оңтүстік" өңірлік басқармасының басшысы болған
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Шекара қызметінің жаңа директоры тағайындалды. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Шекара қызметінің басшысы қызметіне Ерлан Алдажұманов келді. Ол ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың сайты.
Ерлан Алдажұманов 56 жаста, Семей қаласында туған, Алматыдағы Дзержинский атындағы жоғары шекаралық командалық училищені бітірген. Генерал-майор шенін алған.
Соңғы қызметі – ҰҚК Шекара қызметі "Оңтүстік" өңірлік басқармасының бастығы.
Нұрлан Жоламанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Қоғам
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов бостандыққа шықты
Жаңалықтар
0